"Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы түсіндірме жұмыстары
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінде Білім басқармасының Әдістемелік орталығы Шымкент қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының 2025 жылғы 18 қыркүйегі №21-08-09/2365 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын насихаттау, қаңғыбас иттерден келетін түрлі қауіп-қатердің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп 8 «А» сыныбында сынып сағаты өткізілді.