1 ҚАЗАН -ҚАРТТАР КҮНІ!!!
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
N126” Айнатас” негізгі орта мектеп 1 қазан күні “Қамқор” жобасы аясында “Қоғамға қызмет ету” волотерлық қызмет акциясы ұйымдастырылып 9 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Бекбердиева Сабира, Аға тәлімгер Алиева Сұлухан апай бастауымен Айнатас елді мекенінің тұрғыны, қарт әжей Вазира апайдың үйіне барып 1 қазан қарттар күні мерекесімен құттықтап, ауласын тазартып, шөбін жұлып көмек көрсетіп қайттық.
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Қарттарға үнемі қамқорлық таныту.

