ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласының білім барқарамасына қарасты №126 Айнатас негізгі орта мектебінің 2024-2025 оқу жылында «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспары аясында қыздар жиналысы өтті. Жиналыс барысында бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында суицид пен буллингтің алдын алу, ұялы телефондағы ойындардың бала өміріне қаупі, қыздар тәрбиесі, «Жыныстық тәрбие», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы мәселелер айтылды. Жиналысқа ДТЖЖО Қыстаубаева Г.А., ұйымдастырушы педагог Алиева С., мектеп медбикесі Рахманалиева М., сынып жетекшілер, 8-9-сынып қыздары қатысты.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу, жасөспірімдерге жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында әртүрлі тақырыптарды қорғау, талқылау, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі тарапынан біржақты шешім шығару.

