ТАҢДА! ӨЗГЕР! ЖАСАМПАЗ БОЛ!
❖ Республикалық іс-шараның мақсаты - оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие өзекті кәсіптермен таныстыру және тұлғалық дамуының қалыптасуына ықпал ету.
❖ Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Р. Емелбаев, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Тараз, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындары мен ТжКБ өкілдері, мектеп басшылары, ата-аналар, кәсіби бағдар беру педагогтері, педагог-психологтер және 9-11 сынып оқушылары қатысты (жалпы саны – 2100).
❖ Форум барысында 9-11 сынып оқушыларының мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып таңдау мүмкіндіктерін шешу, адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында кәсіби мамандармен кездесу ұйымдастырылып, диагностикалық тест алынды, тренингтер өткізілді.
Аталған іс-шара – жас ұрпақтың қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс бағыт таңдауда таптырмас тәжірибе алаңы. Бұл форум – тек ақпарат алу емес, болашаққа деген сенім мен мотивацияның 
