"БІЛІМ КҮНІ"
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қала әкімдігінің қолдауымен мектептерді жаңғырту және жаңа мектептер салу бойынша қабылданған көпжоспарлы және ауқымды шаралар аясында мектебіміз екі ауысымда оқиды.
Мектебімізде заманауи оқыту тәсілдері мен жабдықтар оқушылардың сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, ғылыми пәндерге қызығушылығын, сондай-ақ шығармашылық және креативті қабілеттерін дамытуға бағытталған. Білім тек теориямен шектелмей, практикалық сабақтар арқылы меңгеріледі. Мұғалімдер интерактивті технологиялар мен пәндік зертханаларды қолдана отырып, әр оқушының жеке қабілетін ашуға жағдай жасайды. Мектепте барлық педагогтер 100% жасанды интеллект бойынша сертификатталған.
2 қыркүйектен бастап тәрбиелік жұмыс «АДАЛ АЗАМАТ» бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама — бұрынғы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жалғасы, мазмұны жаңартылып, атауы Мемлекет басшысы ұсынған «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасын қамтиды.
«Заң мен тәртіп» қағидатын тәрбие жұмысымен кіріктіре отырып, «ӨМІРЛІК БАҒДАР» және «ТӘРТІП ТІРЕГІ» жобаларына қатысудамыз.
2 қыркүйек күні бірінші сабақ «МЕКТЕБІМ - МӘҢГІЛІК МЕКЕНІМ» тақырыбында тәрбие сағатынан басталды.
Биылғы оқу жылында әр дүйсенбінің алғашқы сынып сағатының 10 минуты жеке қауіпсіздік сабағына, әр сәрсенбі күні бірінші сабақтың алғашқы 3 минуты дене жаттығуларымен басталу ерекшеліктері бар.
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары 2022 жылдан бастап ыстық тамақпен толық қамтылған.
Биыл «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында мектептегі 159 балаға көмек көрсетілді.

