ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР НАЗАРЫНА! » «№126 «Айнатас» негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№126 «Айнатас» негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-48-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР НАЗАРЫНА!
25
апрель
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР ЖӘНЕ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР НАЗАРЫНА!

 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №126 “Айнатас” негізі орта білім беретін мектебі

2024–2025 оқу жылының соңында өтетін 1, 7, 9 мамыр мерекелері, “Соңғы қоңырау” іс-шарасы, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шаралар қарсаңында төмендегі ережелер мен талаптарды назарға ұсынады:

ЕРЕЖЕ МЕН ТАЛАПТАР:

 • Сыйлық немесе алғыс тек ауызша/жазбаша алғыс немесе алғыс хатпен шектеледі;

 • Оқушылардың мектептен рұқсатсыз шығуына тыйым салынады;

 • Сынып жетекшісі оқушылардың қатысуын тізіммен қадағалайды;

 • Музыка, фейерверк, хлопушка, дрон қолдануға болмайды;

 • Ұялы телефондарды видеоға түсіру, желіге жүктеу мақсатында қолдануға шектеу қойылады;

 • Қонақтарға әдеп пен құрмет міндетті;

 • Іс-шаралар бекітілген бағдарламаға сай өтеді;

 • Әдепке сай емес іс-әрекеттерге жол берілмейді;

 • Оқушылар арасында кемсітуге жол берілмейді;

 • Ата-аналар ұйымдастыратын кез келген әрекет мектеппен келісіліп іске асырылуы тиіс.

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

 • Мектеп қажеттіліктеріне деп ақша жинау;

 • Аниматор, әртіс, студия шақыру;

 • Мұғалімдерге сыйлық беру;

 • Мейрамхана, ойын-сауық, саяхат ұйымдастыру;

 • Сынып ішінде дастарқан жаю;

 • Қауіпсіздікке қатер төндіретін шаралар;

 • Мектеп мүлкін рұқсатсыз пайдалану;

 • Әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарату.


ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:

 • “Соңғы қоңырау” шарасына тек бір заңды өкіл ғана қатыса алады;

 • Оқушыларға қауіпсіздік ережелері таныстырылады;

 • Оқушылар мектеп формасында немесе классикалық стильде киінуі тиіс;

 • Фото/видео түсіру тек әкімшілік рұқсатымен жүзеге асады;

 • Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік пен әділеттілік қамтамасыз етіледі;

 • Ата-аналар мен ұстаздар арасында ынтымақтастық пен түсіністік басты назарда.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!

Басты мақсатымыз – балалар үшін қауіпсіз әрі тәрбиелік мәні бар, есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.

Сіздің қолдауыңыз арқылы біз сенімге негізделген, жағымды орта

№ 126 “Айнатас” негізі орта білім беретін мектеп директоры

Ибраева Райхан Дарменовна

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив