Мен және менің отбасым
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N126 "Айнатас" негізгі орта мектебінде әкелер клубы бойынша қыркүйек айында "Мен және менің отбасым" тақырыбында спорттық жанұялық сайыс өткізілді. Сайысқа 7 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым-қатынасқа үйрету, балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.