15
май
2025
«АБАЙ ӘЛЕМІ-ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»
Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер айтып, отбасы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, сахналық көріністер мен әдеби композициялар көпшілікке әсерлі әсер қалдырды.
Ата-аналар мен ұстаздар қауымы балалардың өнеріне тәнті болып, Абай мұрасының тәрбиелік маңызын терең сезінді. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың жүрегіне имандылық пен адамгершілікті ұялатары сөзсіз.


