📚«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» қайырымдылық акциясы
📍«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Еліміздің әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады. Айта кетейік, “Мектепке жол” акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі.
“Қайырымды іс қылсаң, қайырын өзің көрерсің” дегендей, жасаған жақсылықтарыңыз мол сауаптар мен жақсылықтардан болсын! Қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырамыз.
ДТЖЖО: Кыстаубаева Гулмира
Байланыс нөмері: 87024794544
Әлеуметтік педагог: Отегенова Динара
Байланыс нөмері:87026283687