21
январь
2025
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасыты №126 «Айнатас» негізгі орта білім беретін мектебінде 21.01.2025 жылы 1 сынып оқушыларымен «Рақмет саған, әліппе!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікте оқушылар әліппе туралы өлеңдер, тақпақтар оқып, хор айтты. Қазақтың ұлттық биін билеп, ән салды. Әртүрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар ертеңгілікте көтеріңкі көңіл күймен өнер көрсетті. Ертеңгілік соңында мектебіміздің директоры Ибраева Райхан Дәрменқызы мерекемен құттықтап, білім баспалдағын тұңғыш ашқан 1 сынып білім алушыларына ақ жол тіледі!
Сынып жетекшісі:Әуесхан Бибігүл Мырзабекқызы.

