20
май
2024
2023-2024оқу жылының аяқталуына байланысты №126 Айнатас негізгі орта білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырау» іс-шарасын атап өту мәселесі жоспарлануда.
2023-2024оқу жылының аяқталуына байланысты №126 Айнатас негізгі орта білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырау» іс-шарасын атап өту мәселесі жоспарлануда.
Іс-шара күні, мектеп бітіруші түлектердің қымбат автокөліктер жалдап қала көшелерінде шеру ұйымдастыруы, жеке үйлер мен ресторандарға, тойхана, мейрамханаларға, тіпті қала сыртында орналасқан демалыс орындарына (коттедж) тапсырыс беріп іс-шаралар ұйымдастыруы, табиғат аясында серуендеулері, өзен-көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуі үрдіске айналған. Жүргізілген талдау бойынша, жыл сайынғы іс-шара кезінде Республика аумағында мектеп бітірушілер мінген автокөліктердің жол-көлік оқиғаларына ұшырап, мектеп бітірушілердің алкогольдік ішімдіктер ішіп түрлі құқықбұзушылықтарға, соның ішінде зорлау сипатындағы қылмыстарға барауымен, сонымен қатар таудан құлау, суға бату сияқты басқа да келеңсіз жағдайлармен аяқталатыны белгілі.
Жоғарыдағылардың негізінде, кәмелетке толмағандардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, мектеп директоры ата – аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулухан Алиева«Соңғы қоңырау» іс-шарасы күні мектеп бітіруші түлектердің өмірі мен қауіпсіздігіне өте қауіпті екенін айтып өтті. Іс-шара күні балаларын үйінен тыс, ешқайда жібермей, жеке бақылауына алу қажеттігі туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға автокөлік жалдаған және жеке үйлер мен ресторандарға, тойхана, мейрамханаларға, демалыс орындарына (коттедж) тапсырыс берген мектеп бітірушілер туралы ақпарат белгілі болған жағдайда «102» телефоны арқылы Полицияға дереу хабар беру қажеттігі туралы ата-аналарға, оқушыларға және сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігіне түсіндірді.
Жиналыс барысында үшінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Е.Ермағанбетов кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы және кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы біле тұра құқық қорғау органдарына хабарламаған жағдайда Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 434-бабында қылмыстық жауапкершілік түрі және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-1 бабында әкімшілік жауапкершілік түрі қарастырылғаны туралы түсіндіріп берді.
#Біртұтас_тәрбие
#шымкент_полиция
#еңбекші_полиция
#оқуағарту_министірлігі