06
декабрь
2021
Тамақтану сапасын тексеру
№126 ,,Айнатас,, негізгі орта мектебінің ата -аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің бастамасымен орта білім алушылардың бір мезгілде тамақтану сапасын тексеру мақсатында, мектеп асханасындағы тегін тамақпен қамтамасыз етілген жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларының тамақтану сапасын комиссия мүшелерінің құрамы тексерді. Тексеру нәтижесінде мектеп асханасы барлық талапқа сай жұмыс жасайтындығы анықталды, оқушыларға беріліп жатқан тамақтардың ас-мәзірі күнделікті бекітілген, ас-мәзірі бойынша дайындалған. Тағамдары сапалы, дәмді. Асханада жұмыс атқарып жатқан қызметкерлердің барлығы толықтай вакциналандырған және медициналық құжаттары толық. Мектеп асханасының жұмысына ата-аналар оң баға берді










