02
май
2024
“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА “МЕНІҢ МЕКТЕБІМ” АТТЫ ІС ШАРА ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N126 Айнатас негізгі орта мектебі мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру, қала тұрғындарына жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды еңбекке баулу мақсатында ағымдағы жылдың 2 мамыр күні мектеп бітіруші түлектері тарапынан “Менің мектебім” іс- шарасы аясында мектеп ауласын тазалау, ағаштардың түбі жұмсартылып, арықтар алынып, гүлдер егіліп, су құю жұмыстары ұйымдастырылды. Іс- шара барысында мектеп айналасы қоқыстардан тазартылып, гүлдер мен талдардың түптерін қопсытылып, арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Балаларымызды табиғатты аялауға, табиғатымыздың бүгінгі ахуалын бағалауға, туған өлкені, білім ордасы болған мектепті қоқыслардан таза ұстауға шақырайық!!!

#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#Адал_ұрпақ_ұйымы
#өзін_өзібасқару
#Школьное_самоуправление
#РУМЦДО_РК
#Шымкент_қаласы_білім_басқармасы
#Қосымша_білімберу_орталығы
#Shymkenttarby
#Нургуль_Шамшиева
#балалар_жылы_шымкент
#тәрбие_шымкент_әдістемелікорталық
#Шымкент_білім_басқармасы