ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЖОЛ - СЕНІМДІ ЖОЛ » «№126 «Айнатас» негізгі орта мектебі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№126 «Айнатас» негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-10
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-48-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2025

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЖОЛ - СЕНІМДІ ЖОЛ

 Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін, әділдікті бұзатын, халықтың сеніміне селкеу түсіретін қауіпті құбылыс. Ол тек қана заң бұзушылық емес, ол – қоғамның әлсіреуіне, теңсіздіктің тереңдеуіне, әлеуметтік әділетсіздікке әкелетін дерт.

Жемқорлықтың салдары өте ауыр. 

Ол экономиканың құлдырауына, мемлекеттік басқарудың тиімсіздігіне, азаматтардың құқықтарының тапталуына әкеледі. Жемқорлықтың кең таралуы адамдарды заңсыз жолмен пайда табуға итермелеп, адал еңбекке деген сенімді жояды.

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күресуге өз үлесін қоса алады. Заң талаптарын сақтау, пара бермеу және алмау, заңсыздықтарға жол бермеу – әр адамның міндеті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, құқық қорғау жүйесінің әділдігін қамтамасыз ету – бұл бүкіл қоғам болып қолға алатын іс екендігі туралы айтып өтті.

 Тек бірлесе әрекет еткенде ғана біз әділ, адал, жемқорлықсыз қоғам құра аламыз!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив