🎓 «Мектебім, саған мың алғыс»
📍 №126 Айнатас негізгі орта білім беретін мектебі 📅 23 мамыр 2025 жыл 🕘 09:00 📌 Мектеп спорт алаңы 🎓 «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиын өтті! Бұл – қимастыққа толы қоштасу сәті. 22 түлек алтын ұясымен, ыстық партасымен, аяулы ұстаздарымен және балалық балдәуренімен қоштасты. Мектеп алаңы түрлі-түсті жалаушалармен, «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбымен безеніп, мерекенің сәнін келтірді. Қонақтар, ұстаздар, ата-аналар – бәрі бір сәтке уақытты тоқтатқандай, балалықпен қоштасқан